---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.63.0
alternate:
  - https://www.yandex.com/support/browser/en/search-and-browse/translators-settings.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/kk/search-and-browse/translators-settings.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/ru/search-and-browse/translators-settings.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/tr/search-and-browse/translators-settings.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/uz/search-and-browse/translators-settings.md
  - href: https://www.yandex.com/support/browser/kk/search-and-browse/translators-settings.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: https://www.yandex.com/support/browser/kk/llms.txt?revision=r21477456
    rel: describedby
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://www.yandex.com/support/browser/kk/llms.txt?revision=r21477456




# Аудармашы

Браузердегі іштей орнатылған аудармашы кез келген нәрсені аударып береді: мәтін, суреттердегі жазбалар, сайттар мен құжаттар.  Оған қоса, Браузерде видеоны қазақ және орыс тілдеріне аудару қолжетімді. [Кадр сыртынан дыбыстау функциясының](#videos) көмегімен бейнероликтерді бірден өз тіліңізде тамашалаңыз.


- [Парақшалар](#process)

- [Сөздер мен фразалар](#words)

- [Суреттер](#pictures)

- [Құжаттар](#documents)

- [Видео](#videos)

   - [Тікелей эфир](#stream)

   - [Субтитрлер](#setting-videos)


## Аудармашының терезелері

{% list tabs %}

- Қалқымалы терезе

  Бұл режимде ағымдағы қойындыда орналасқан мәтін, сурет, сайт немесе видеоны аударуға болады.

  ![](../_image/translator-on-tab.png)

  Браузер тілі интерфейс тілінен өзгеше парақшаны аударуды ұсынады. Мәнмәтін мәзірі арқылы аудармашыны шақыртуға немесе жекелеген сөздер, суреттер немесе видеоны аударуға болады.
<!--
- Қойынды

  Бұл режимде аудармашы бөлек қойындыда ашылады.

  ![](../_image/translate-on-ntp.png){.border-yes}

  Ол чат форматында істейді: сіз мәтін, сурет, сайт немесе құжатты аударуға сұрау жолдайсыз, ал жауап ретінде дайын аударма аласыз.

  Аудармашыны ашу үшін:

  1. [Жаңа қойындыны](https://www.yandex.com/support/browser/kk/personalization/ntp.md) ашыңыз.

  2. Ақылды жолдың астынан **Аудармашыны** таңдаңыз.

     {% cut "Егер **Аудармашы** батырмасы болмаса" %}

     Баптаулар арқылы опцияның қосулы тұрғанын тексеріп алыңыз:

     1\. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Баптаулар** тармағын басыңыз.

     2\. **Интерфейс** → **Жаңа қойынды экранының түрі** бөліміне өтіп, **Нейро-құралдар** опциясын қосыңыз.

     3\. **Құралдар** → **Нейро-құралдар** бөліміне өтіп, **Жаңа қойындыда «Алиса AI-мен чат», «Редактор», «Аудармашы» батырмаларын көрсету** опциясын қосыңыз.

     {% endcut %}

  **Аудармалар тарихын қарау**

  Аудармашыда жұмыс тарихы қолжетімді — ол қойынды режимінің сол жағында орналасқан. Оның көмегімен алдыңғы аудармаларды кілттік сөздер, файлдар тілі немесе типі бойынша табуға болады.

  Аударманы өшіріп тастау үшін тарихтан қажеттісін тауып, аспа мәзірден **Өшіру** батырмасын басыңыз.

  {% endcut %}-->


{% endlist %}


## Парақшалар {#process}

{% list tabs %}

- Қалқымалы терезе

  Браузер жүктелген беттің тілін автоматты түрде анықтайды және егер ол интерфейс тілінен өзгеше болса, оны аударуды ұсынады. Сондай-ақ, аударма терезесін ![Аудару](../_image/translator-button.svg) немесе ![](../_image/menu-tibar-new.svg) → **Парақшаны аудару** батырмасын басу арқылы шақыртуға болады.

  ![](../_image/translate-bar.png)



  - Парақша мәтінін Браузер интерфейсі тіліне аудару үшін, терезеде **Аудару** батырмасын басыңыз. Бастапқы тілдегі бетті қайтару үшін терезеде **Түпнұсқаны көрсету** батырмасын басыңыз.

  - Егер сіз бетті басқа шет тіліне аударғыңыз келсе, оны терезеде **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Тілді ауыстыру** батырмасын басу арқылы қолмен көрсетіңіз.

      Егер сіз парақшаны бір тілге аударып, содан кейін аударма тілін өзгерткен болсаңыз, онда суреттер автоматты түрде жаңа тілге аударылады.

  - Аударылған парақшаның мәтінін түпнұсқа тілде көру үшін тінтуір меңзерін сөйлемге апарыңыз. Түпнұсқа мәтін қалқымалы терезеде пайда болады.

      {% cut "Егер мәтіні бар қалқымалы терезе пайда болмаса" %}

    1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


    1. **Аудармашы** бөлімінде **Мәтіннің түпнұсқасы көрсетілген қалқымалы терезелерді көрсету** опциясын қосыңыз.

      {% endcut %}
<!--
- Қойынды

  1. [Жаңа қойынды](https://www.yandex.com/support/browser/kk/personalization/ntp.md) → **Аудармашыны** ашыңыз.

  1. Сайттың URL-мекенжайын енгізу өрісіне енгізіңіз.

  1. Енгізу жолының үстінен аударма тілін таңдаңыз → ![](../_image/enter-icon.svg) белгішесін басыңыз. Аудармашы нәтижені сілтеме түрінде береді.

  1. Сайт аудармасын жаңа қойындыда ашу үшін сілтемеге басыңыз.-->

{% endlist %}


## Сөздер мен сөз тіркестері {#words}

{% list tabs %}

- Қалқымалы терезе

  Браузер парақшадағы жеке сөздер немесе ұсыныстарды орыс тіліне аудара алады. Сөздердің немесе сөз тіркестерінің аудармасын көру үшін оларды таңдап, мәтінмәндік мәзірде **Аудару** батырмасын басыңыз. Парақшада аудармасы бар терезе пайда болады.

  ![](../_image/word-translator.png)

  Тілін өзгерту үшін ![](../_image/languages-list-icon.svg) батырмасын басып, қажеттісін таңдаңыз.

  Мәтінді көшіріп алу үшін ![](../_image/copy.svg) батырмасын басыңыз.

  {% cut "Егер аудармашы жұмыс істемесе" %}

  Браузерде аудармашы әдепкі бойынша іске қосылады. Сіз бұрын аудармашыны қолмен өшірмегеніңізге көз жеткізіңіз:

  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


  2. **Аудармашы** бөлімінде келесі опциялар қосулы болуы керек:

     - **Тілі интерфейс тілінен өзгеше парақшаларды аударуды ұсыну**;

     - **Ерекшеленген сөздер мен сөз тіркестерін аудару**;

     - **Суреттерді аудару батырмасын көрсету**.

  {% endcut %}

<!--
- Қойынды


  1. [Жаңа қойынды](https://www.yandex.com/support/browser/kk/personalization/ntp.md) → **Аудармашыны** ашыңыз.

  1. Енгізу тармағына сөз немесе фразаны енгізіңіз.

  1. Енгізу тармағының үстінде аударма тілін таңдаңыз → ![](../_image/enter-icon.svg) батырмасын басыңыз.

  ![](../_image/translate-word.png){.border-yes}

  Мәтінді көшіріп алу үшін ![](../_image/summary.svg) батырмасын басыңыз.

  Аударманы бағалау үшін ![Ұнайды](../_image/like-icon.svg) немесе ![Ұнамайды](../_image/dislike-icon.svg) батырмасын басыңыз.-->

{% endlist %}


## Суреттерді аудару {#pictures}

<!--      <p>Переводите текст на картинках на  любой язык без использования специальных программ. Встроенный переводчик распознает текст на картинке и покажет вам перевод поверх оригинального текста.</p>-->

#### **Бір сурет**

{% list tabs %}

  - Қалқымалы терезе

    Суретке тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және мәтінмәндік мәзірде **Суретті аудару** тармағын таңдаңыз.

    Қалған суреттерді аудару үшін:

    1. Тінтуір сілтеуішін суретке апарыңыз, кейін ашылған ![Нейроқұралдар панелін](../_image/without-translate-icon.svg) басыңыз.

    1. ![](../_image/menu-tibar.svg) → **Суретті аудару** батырмасын басыңыз.

    {% note info %}

    Егер сурет шағын болса, онда аудармашы батырмасы көрінбейді. Суретке тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және мәтінмәндік мәзірде **Суретті аудару** тармағын таңдаңыз.

    {% endnote %}

    ![](../_image/translate-one-image.png)

    Бүкіл суреттерден аудармашы батырмасын жасыру үшін тінтуір меңзерін кез келген суретке бағыттап, **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Батырманы жасыру** батырмасын басыңыз.

    Сіз аудармашы батырмасын әркез қайтара аласыз. Ол үшін суретке тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, мәнмәтін мәзірінен **Суретті аудару** немесе **Түпнұсқасын көрсету** батырмасын басыңыз.

    {% note info %}

    Егер аудармашы батырмасын оны жасырғаннан кейін бірден қайтарғыңыз келсе, онда ![](../_image/without-translate-icon.svg) панелін көру үшін парақшаны жаңартыңыз.

    {% endnote %}

    {% cut "Суреттің түпнұсқасын қарау" %}

    Суреттің түпнұсқасын көру үшін төмендегі әдістердің бірін қолданыңыз:

      - Тінтуір сілтеуішін суретке апарыңыз, кейін ашылған ![](../_image/translated-image-icon.svg) панеліне басыңыз. **Түпнұсқаны көрсету** батырмасын басыңыз.

      - Суретке тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және мәтінмәндік мәзірде **Түпнұсқаны көрсету** батырмасын басыңыз.

      - Тінтуір меңзерін суретке бағыттап, **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Түпнұсқаны көрсету** батырмасын басыңыз.

    {% endcut %}

    
    {% cut "Егер сурет аударылмай жатса" %}

    Егер суретте ![](../_image/translate-no-icon.svg) белгішесі пайда болса, оны аудару мүмкін болмады. Аудармашы анықтығы жеткіліксіз суретті, курсивті немесе қолмен жазылған мәтінді танымайды.

    Егер сурет кішкентай болса (мысалы, мәтіні бар батырма), аударма жасырулы тұруы мүмкін. Оны көру үшін тінтуір сілтеуішін суретке апарыңыз.

    {% endcut %}

    {% cut "Егер аудармашы жұмыс істемесе" %}

    Браузерде аудармашы әдепкі бойынша іске қосылады. Сіз бұрын аудармашыны қолмен өшірмегеніңізге көз жеткізіңіз:

       1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


       2. **Аудармашы** бөлімінде келесі опциялар қосулы болуы керек:

          - **Тілі интерфейс тілінен өзгеше парақшаларды аударуды ұсыну**;

          - **Ерекшеленген сөздер мен сөз тіркестерін аудару**;

          - **Суреттерді аудару батырмасын көрсету**.

    {% endcut %}

<!--    
  - Қойынды

    1. [Жаңа қойынды](https://www.yandex.com/support/browser/kk/personalization/ntp.md) → **Аудармашыны** ашыңыз.

    1. Енгізу тармағының үстінен аударма тілін таңдаңыз.

    1. Суретті аудармашы қойындысына сүйреп апарыңыз немесе суретті құрылғыдан жүктеу үшін ![](../_image/attach-file-icon.svg) батырмасын басыңыз.

    Терезеде түпнұсқа тілінің үстінде аудармасы жазылған сурет пайда болады. Әрекетті таңдаңыз:

     - Аударылған суретті сақтап қою үшін ![](../_image/translate-save-icon.svg) батырмасын басыңыз.

     - Аударманы бағалау үшін ![](../_image/like-icon.svg) немесе ![](../_image/dislike-icon.svg) батырмасын басыңыз.

     - Бастапқы нұсқасын қарау үшін суреттің астындағы **Түпнұсқа** батырмасын басыңыз.-->

    
{% endlist %}


#### **Барлық суреттер**

   1. Қолмен немесе автоматты түрде [парақшаны аударыңыз](#process).

   1. Ашылған **Парақша <Тіл атауы> тіліне аударылды** терезесінде **Барлық суреттерді аудару** батырмасын басыңыз.


  {% note info %}

  Сайтта мәтіні бар суреттер болмаған кезде терезе ашылмайды.

  {% endnote %}


  Парақша мен суретті түпнұсқа тілінде қарау үшін терезедегі **Түпнұсқаны көрсету** батырмасын басыңыз.

  ![](../_image/translate-all-images.png){.border-yes}





## Құжаттарды аудару {#documents}

Браузер DOC, DOCX және PDF форматындағы мәтіндік файлдарды, XLS және XLSX форматындағы кестелер мен PPT және PPTX форматындағы презентацияларды аудара алады.

Құжатты аудару үшін:

1. [Жаңа қойынды](https://www.yandex.com/support/browser/kk/personalization/ntp.md) → **Аудармашыны** ашыңыз.

1. Енгізу тармағының үстінен аударма тілін таңдаңыз.

1. Құжатты аудармашы қойындысына сүйреп апарыңыз, сілтемені енгізіңіз немесе құжатты құрылғыдан жүктеу үшін ![](../_image/attach-file-icon.svg) батырмасын басыңыз.

   {% note alert "Шектеу" %}

   Сіз өлшемі 15 МБ дейінгі файлды жүктей аласыз.

   {% endnote %}

Аударылған құжатты қарау үшін **Алдын ала қарау** батырмасын басыңыз.



## Видеоны аудару және дыбыстау {#videos}

{% note info %}

Технология әлі жасақталып жатыр, сондықтан кейбір видеоларды әлі аудара алмаймыз.

{% endnote %}

Браузер видео аудара алады:

- ағылшын, француз, неміс, испан, итальян, қытай, жапон және кәріс тілдерінен — орыс тіліне;

- орыс және ағылшын тілдерінен — қазақ тіліне.

Ерлердің дауысын ер адамның дауысы, әйелдердің дауысын әйел адамның дауысы дыбыстайды. 

Сондай-ақ видеоны ағылшын тілінен аударған кезде Браузер [жанды дауыстар](https://www.yandex.com/support/browser/kk/working-with-files/video.md#cloning) технологиясын қолдану арқылы сөйлеп тұрған адамдардың интонациясы мен дауыстарын жеткізе алады. Осылайша аударма барынша табиғи болып естіледі. 

Видеоны аудару мен дыбыстауды қосу үшін:

1. Тінтуір меңзерін роликке бағыттаңыз.

1. **Аудару және дыбыстау** батырмасын басыңыз. Видео сіздің тіліңізде дыбыстала бастайды (орыс немесе қазақ тілінде).

![](../_image/translate-video-settings.png)

Видеоны аудару бірер уақыт алуы мүмкін. Бәрі дайын болған кезде сізге қалқымалы хабарлама келеді.

Егер түпнұсқасына оралғыңыз келсе, аударма батырмасын тағы бір рет басыңыз немесе ![](../_image/menu-tibar-video.svg) батырмасын басып, **Видеоны аудару** опциясын сөндіріңіз.

{% note alert "Шектеу" %}

Браузер аудара алатын видеоның максималды ұзақтығы – 4 сағат.

{% endnote %}

{% cut "Түпнұсқа видеоның дауысын өзгерту" %}

Егер сіз аударылған видеоны көріп отырсаңыз, түпнұсқа видеоның дауысын өзгертуге болады:

1. Тінтуір меңзерін роликке бағыттаңыз.

1. ![](../_image/menu-tibar-video.svg) таңбасын басыңыз.

1. **Түпнұсқаның дыбысы** бөлімінде қажетті деңгейді тетікпен орнатыңыз.

{% endcut %}

{% cut "Видеоның тілі анықталмады немесе дұрыс анықталған жоқ" %}

1. Тінтуір меңзерін роликке бағыттаңыз.

1. Үстіндегі ![](../_image/menu-tibar-video.svg) таңбасына басыңыз.

1. **Видеоны аудару** бөлімінде қажетті тілді таңдаңыз. Келесі жолы Браузер аудару үшін соңғы таңдалған тілді пайдаланатын болады.

{% endcut %}

{% cut "Видеоны аудару аяқталғаны туралы хабарлама жоқ" %}

Хабарламаның қосулы тұрғанын тексеріп алыңыз:

1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Сайттар** батырмасын басыңыз.


2. **Хабарландырулар** бөлімінде **Яндекс сервистерінен** батырмасын басыңыз.


3. **Яндекс сервистері** бөлімінде **Видеоны аудару** опциясын қосыңыз.

{% endcut %}


{#no-translator__video-no-translation}

{% cut "Егер видео аударылмай жатса" %}

Мәселені мына тәсілдердің бірімен шешіп көріңіз:

- Браузер баптауларын тексеріңіз:

  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


  2. **Аудармашы** бөлімінде **Видеода аударма батырмасын көрсету** опциясы қосулы тұрғанын тексеріп алыңыз.

- Аудармашы дұрыс істеу үшін соңғы нұсқадағы Браузер қажет.

  1. Нұсқасын қарау үшін **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Көмек** → **Браузер туралы** батырмасын басыңыз.

  2. Егер жаңартым қолжетімді болса, парақшада **Жаңарту** батырмасы болады. Соған басып, Браузердің жаңартылғанын күтіңіз. Әдетте ол бір минуттан аспайтын уақыт алады.

- Браузерді қайта іске қосыңыз. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Қосымша** → **Браузерді жабу** батырмасын немесе **Ctrl + Shift + Q** пернелер үйлесімін басыңыз, кейін оны қайтадан ашыңыз.

- Аударманы бұғаттап тұрған кеңейтімді ажыратып тастаңыз:

  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басып, барлық кеңейтімдерді өшіріңіз.


  2. Браузерді қайта іске қосыңыз: оны **Ctrl**&nbsp;+&nbsp;**Shift**&nbsp;+&nbsp;**Q** (Windows және Linux операциялық жүйесінде) немесе **⌘**&nbsp;+&nbsp;**Q** (macOS операциялық жүйесінде) пернелер тіркесімі арқылы жауып, қайта ашыңыз.


  3. Браузерге бұрынырақ қосылған беттің сақталған көшірмесі жүктелмеу үшін [кешті](https://www.yandex.com/support/browser/kk/personal-data-protection/cache-memory.md#clearing-cache) тазартыңыз.


  4. Егер қиындық жоғалса, іріктеу әдісі арқылы оны туғызатын кеңейтімді табыңыз. Әр қосқан сайын Браузерді қайта іске қосыңыз.


  5. Бұл кеңейтімді сөндіріңіз. Сіз сондай-ақ оның әзірлеушілеріне қиындық туралы жаза аласыз.


{% endcut %}



#### **Тікелей эфир** {#stream}

Браузер видеоларды тікелей эфирде аудара алады (стримдер, тікелей трансляциялар). [YouTube-арналарда](https://yandex.ru/promo/browser/streams/m/01) сіз трансляцияларды нақты уақыт режимінде орыс тілінде тамашалай аласыз.

Нейрожелі аудиожолды бірден бүтін күйде алатын алдын ала жазылған роликтерге қарағанда тікелей трансляциялардың аудармасы ілеспе аударма сияқты «қатарласып» істейді. Анықтап ажырату және дыбыстау үшін уақыт қажет, сондықтан аударма трансляцияның басынан емес, бірнеше секундтан кейін басталады.

{% note info %}

Трансляцияларды аудару алаң шектеулеріне байланысты уақытша қолжетімсіз.

{% endnote %}



#### **Субтитрлер** {#setting-videos}

Яндекс Браузер аудара алатын видеолар үшін субтитрлер көрсете алады. Субтитрлерді түпнұсқа тілінде, аударма тілінде, сондай-ақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі видеоларда қосуға болады. Субтитрлер кез келген сайттарда кез келген видео мен онлайн трансляциялар үшін қолжетімді. Субтитрлерді қосу және баптау үшін:

1. Тінтуір меңзерін роликке бағыттаңыз.

1. ![](../_image/sub-icon.svg) таңбасына немесе **Субтитрлер** батырмасын басыңыз. Егер таңба болмаса, ![](../_image/menu-tibar-video.svg) басып, **Субтитрлер** опциясын қосыңыз.

1. Субтитрлерді баптаңыз:

    - **Тілі** — сіз түпнұсқа немесе аударма тілін таңдай аласыз. Егер видеода субтитрлер бар болса, Яндекстің емес, сервистің субтитрлерін көрсетуге болады.

    - **Сөздерді ерекшелеу** — дәл қазір айтылып жатқан сөз ерекшеленіп көрсетіледі. Шетел тілін үйреніп жатқандар, сондай-ақ, караоке сүйер қауым үшін пайдалы. Опция тек түпнұсқа тіліндегі субтитрлер үшін қолжетімді.

    - **Безендіру** — сіз қаріп өлшемін таңдай аласыз, субтитрлер фонының мөлдірлігін баптай аласыз және **Динамикалық өлшем** опциясын қоса аласыз. Опция қосулы тұрған кезде субтитрлердің өлшемі видео тұрған терезенің өлшемдерімен бірге өзгеріп отырады.

{% note info %}

Субтитрлердегі сөздің аудармасын қарау үшін белгісіз сөзге басыңыз — қалқымалы терезеде сөз бен фразаның аудармасы көрсетіледі, ал видео тоқтатылады. Әрі қарай қарау үшін видео тұрған терезенің кез келген жеріне басыңыз.

{% endnote %}

![](../_image/view-translate-video-settings.png)





## Аударма баптаулары {#settings}

{% cut "Әдепкі аударманы қосу" %}


Белгілі бір тілдегі парақшаларды Браузер рұқсатты сұрамай-ақ, аудару үшін:

1. Әдепкі бойынша аударманы қосқыңыз келетін тілде кез келген бетті ашыңыз.

2. **![Аудару](../_image/translator-button.svg)** → **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Тілді ауыстыру** батырмасын басыңыз.

3. **Әрқашан <тіл атауы> тілінен <тіл атауы> тіліне аудару** опциясын қосыңыз.

4. **Аударуды** басыңыз.

{% endcut %}

{% cut "Әдепкі аударманы өшіру" %}


{% list tabs %}

- Аударма терезесінде


  1. Аударманы өшіргіңіз келетін тілде кез келген бетті ашыңыз.

  1. **![Аудару](../_image/translator-button.svg)** → **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **<Тіл атауы> тілінен аударуды ұсынбау** батырмасын басыңыз.


- Баптауларда


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Жүйелік** батырмасын басыңыз.


  1. **Тіл және аймақ баптауларын**ашыңыз.

  1. **Беттерді көрсету тілі** бөлімінде таңдалған тілді жойыңыз.

{% endlist %}


{% endcut %}

{% cut "Әдепкі аударманы қайтару" %}



{% list tabs %}

- Аударма терезесінде


  1. Аударманы қайта қосқыңыз келетін тілде кез келген бетті ашыңыз.

  1. **![](../_image/translator-button.svg)** → **![](../_image/menu-tibar.svg)** батырмасын басыңыз және **<Тіл атауы> тілінен аударуды ұсынбау** опциясын өшіріңіз.


- Баптауларда


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Жүйелік** батырмасын басыңыз.


  1. **Тіл және аймақ баптауларын**ашыңыз.

  1. **Беттерді көрсету тілі** бөлімінде **Тілді қосу** батырмасын басыңыз.

  1. Браузердің қолданатын тілдерінің толық тізіміндегі тілді таңдаңыз.

{% endlist %}


{% endcut %}

{% cut "Парақша тілін автоматты түрде анықтауды жақсарту" %}


1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


2. **Аудармашы** бөлімінде **Аударма сапасын жақсарту үшін Яндекске мәтін үзінділерін жіберу** опциясы қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.


{% endcut %}



## Аудармашыны өшіру {#translator-off}


{% list tabs %}

- Парақшалар


  Егер сіз Браузердің шет тіліндегі парақшаларды аударуды ұсынғанын қаламасаңыз:

  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


  1. **Аудармашы** бөлімінде **Тілі интерфейс тілінен ерекшеленетін беттерді аударуды ұсыну** опциясын өшіріңіз.


- Сөздер мен сөз тіркестері


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


  1. **Аудармашы** бөлімінде **Ерекшеленген сөздер мен сөз тіркестерін аудару** және **Меңзерді қою және Shift түймесін басу арқылы сөздерді аудару** опцияларын өшіріңіз.


- Суреттер


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


  1. **Аудармашы** бөлімінде **Суреттерді аудару батырмасын көрсету** опциясын сөндіріңіз.


- Видео


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Құралдар** батырмасын басыңыз.


  1. **Аудармашы** бөлімінде **Видеода аударма батырмасын көрсету** опциясын ажыратып тастаңыз.


{% endlist %}




<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->




[*smart-link]: Мекенжай жолағына іздеу сұранымдары енгізуге болады — Браузер сізге не керектгіні өзі түсінеді.