---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.55.0
alternate:
  - https://www.yandex.com/support/browser/en/security/file-checking.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/kk/security/file-checking.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/ru/security/file-checking.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/tr/security/file-checking.md
  - https://www.yandex.com/support/browser/uz/security/file-checking.md
  - href: kk/security/file-checking.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
keywords:
  - Файлдарда вирустардың бар-жоғын тексеруді қалай өшіруге болады.
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://www.yandex.com/support/browser/kk/llms.txt




# Protect: жүктелетін файлдарды тексеру


{% note alert %}

[Яндекс Браузер](https://browser.yandex.kz/?lang=kk)  зарарлы файлдарды [жүктеуді](https://www.yandex.com/support/browser/kk/working-with-files/download-files.md) бұғаттайды, бірақ толық вирусқа қарсы өнім болып табылмайды. Сонымен қатар Protect технологиясы антивирус бұғаттамайтын компьютерлік [қауіп-қатерлерден](https://www.yandex.com/support/browser/kk/security/protection.md) қорғайды. Толық қорғау үшін басқаларды да пайдалануды ұсынамыз.

{% endnote %}


## Жүктелетін файлдарды автоматты түрде тексеру {#file-checking-automatic}


{% note alert "Шектеу" %}

Тексеру тек Windows жүйесінде жұмыс істейді.

{% endnote %}


Интернеттен жүктелетін файлдарда [зарарлы](https://kk.wikipedia.org/wiki/Компьютерлік_вирус) және жағымсыз бағдарламалар болуы мүмкін. Олар компьютер жұмысын баяулатады және бұғаттайды, деректеріңізді ұрлап, спам таратады, жағымсыз жарнаманы таратады және браузердің күтпеген әрекеттеріне әкеледі.

Сондықтан Браузер шынымен немесе фондық режимде жүктелетін барлық мұрағатты және орындалатын файлдарды тексереді. Жүктеу басталған соң Браузер файлдың кейбір сипаттамасын ерекшелейді және оларды тексеруге Яндекс серверіне жіберіледі. Барлық файл жіберілмейді, сондықтан тексеру тез өтеді. Файлды бұл уақытта ашуға болмайды, ал оның [Ақылды жолдың](*smart-link) оң жағындағы белгішесі жартылай тұнық болады.

Тексеруден кейін зарарлы және күмәнді файлдар ![](../_image/file-virus-icon.png =29x) белгішесімен белгіленеді.

![](../_image/file-virus.png){.border-yes}


## Қауіпті файлдарды құлыптау {#dangerous}

Зиянды бағдарламалар компьютерге еніп, оның жұмысын баяулатады немесе бұғаттайды, ақпаратты ұрлайды, өзгертеді немесе жояды. Олар сондай-ақ құпиясөздерді ұстап, спамды таратады және желідегі басқа құрылғыларды зақымдайды.

Егер жүктелетін файлда [зарарлы БЖ](https://yandex.kz/support/common/kk/security/virus-security.html) болса, Браузер оны бұғаттайды. Зарарлы файл ![](../_image/file-virus-icon.png =29x) белгішесімен белгіленеді, ал оны ашу әрекеті кезінде ескертуді көресіз.

![](../_image/dangerous-file.png){.border-yes}

Зарарлы БЖ бар файлдарды Браузер атына `infected` кеңейтімін қоса отырып, сақтайды. Бұл түрде файлды Браузерден де, басқа бағдарламадан да іске қосу мүмкін болмайды. Зарарлы файл енді қауіп төндірмейді, алайда компьютеріңіздегі антивирус оны қауіпті деп тануы мүмкін.

Егер зарарлы файлды жоймасаңыз, оны кейін жасауыңызға болады:

1. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Жүктеулер** немесе **Ctrl** + **J** пернелерін басыңыз.

1. Меңзерді қалаған файлдың атауына апарып, **Тағы** → **Қауіпті файлды жою** опциясын басыңыз.


## Күдікті файлдар туралы ескерту {#suspicious}

Кейбір файлдар мен мұрағаттар ашылғаннан кейін пайдаланушы бағдарламалар және [кеңейтімдерді](https://www.yandex.com/support/browser/kk/security/check-extensions.md#bad-extensions) орнатады, олар қажетсіз жарнаманы көрсететін браузерде бөгде беттерді автоматты түрде ашады және сіздің рұқсатыңызсыз басқа әрекеттерді жасайды.

Мұндай файлдарды Браузер күмәнді деп санап, ![](../_image/file-virus-icon.png =29x) белгішесімен белгілейді, ал оларды ашуға әрекеттенген кезде ескертуді көресіз.

![](../_image/suspisious-file.png){.border-yes}

Күдікті файлдарды ашпауға кеңес береміз. Егер мұны жасауға бел бусаңыз:

1. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Жүктеулер** немесе **Ctrl** + **J** пернелерін басыңыз.

1. Меңзерді қалаған файлдың атауына апарып, **Тағы** → **Қауіпті файлды ашу** опциясын басыңыз.


## Зиянды сайттар мен бағдарламалардан қорғауды өшіру {#switch-off}

{% note alert %}

Егер жүктелетін файлдардың тексерісін өшіргіңіз келсе, Браузердегі зарарлы сайттар мен бағдарламалардан қорғауды толығымен өшіруге тура келеді. Біз бұны жасамауға кеңес береміз.

{% endnote %}


Жүктелетін файлдарды тексеруді өшіру үшін:

<!-- source: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/turn-off-sending-security-info.md -->
1. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Баптаулар** опциясын басыңыз.

1. Беттің жоғарғы жағындағы **Қауіпсіздік** қойындысына өтіңіз.

1. **Қауіптерден қорғау** бөлімінде **Кіретін сайттар мен жүктелетін файлдардың қауіпсіздігін тексеру** және **Күдікті файлдар мен сайттар туралы ақпаратты Яндекске жіберу** опцияларын өшіріңіз.
<!-- endsource: kk/_includes/reusables/instrukcii/id-instrukcii/turn-off-sending-security-info.md -->

Жүктелетін файлдардың тексерісін қосу үшін дәл соны жасаңыз және **Қаралатын сайттар мен жүктелетін файлдарды қауіпсіздікке тексеру** опциясын қосыңыз.



<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->




[*smart-link]: Мекенжай жолағына іздеу сұранымдары енгізуге болады — Браузер сізге не керектгіні өзі түсінеді.